Астана әкімдігі «Бэтмен» рөліндегі депутат Руслан Берденовты көмекке шақырды

супергерои
Видеодан скриншоттар

Астана әкімдігі спорт басқармасының ресми Instagram парақшасында депутат Руслан Берденовтың «Бэтмен секілді» видеосына жауап пайда болды.

Әкімдік қызметкерлері суперқаһарман костюмдерін киіп, «Бэтмен» Берденовты ғимараттың басынан түсіп, сенбілікке көмектесуге шақырады.

Әкімдік қызметкерлерінің арасында темір адам, капитан Америка, сондай-ақ өрмекші адам рөлінде әзілкеш Нұрдәулет Шертім де бар.

Еске салайық, бұған дейін мәжілісмен Руслан Берденов әйгілі комекс кейіпкері Бэтменнің костюмін киіп, Астанадағы ең биік ғимараттың үстіне шыққан видеосы тараған еді.

Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетіне оң баға беріп, «Олимпбэтмен» деп атап жатса, кейбірі «еріккен депутат» деп сынады.