Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі, деп хабарлайды ҚР Сыбайлес жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағнда, күдікті 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі»,-делінген хабарламада.

Фото: канва