Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерге қызмет көрсетті

«Air Astana» әуе компаниясының Лондон-Алматы бағыты бойынша ұшағы 8: 50-де қонды, бортта 94 жолаушы болды, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Кестеге сәйкес, жаңа терминалдан алғашқы ұшуды «Air Astana» авиакомпаниясы жүргізеді, борт 9: 50-де Дохаға жөнелтіледі. Рейске 166 жолаушы тіркелді.

Әуежайдың жаңа терминалының алғашқы жолаушыларын салтанатты жағдайда естелік сыйлықтармен қарсы алады.

Еске салайық, бұл терминалдың құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Жалпы ауданы 53 мың шаршы метрді құрайды. Кеше жаңа терминалда президент Тоқаев болды.

Жаңа терминалдың ашылуы есебінен әуежай жылына 14 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады деп күтілуде. Халықаралық рейстерді ұлғайту жоспарланып отыр.