Тоқаев Алматыда балалармен әңгімелесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Jas Galym фестиваліне қатысушылармен әңгімелесті. Алматыда өтіп жатқан Science Quest, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Фестиваль Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған. Биыл іс-шараның тақырыбы ғылыми. Президент оқушылармен бірге Science, Engeneering, Art, Technology, Mathematics станцияларын аралап көрді. Мұнда оқушылар квест форматында өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды.

Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын атап өтті. Ол сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметіне қолдау көрсеткені үшін фестивальді ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.