Путин Зелинскийді өлтіру үшін арнайы әскер жалдаған – БАҚ

Ресей билігі жеке жалдамалыларға Украина президенті Владимир Зеленскийді өлтіруді бұйырды, деп хабарлайды The Times газеті.

Бұл миссияны Кремль Вагнердің жеке әскери компаниясына жүктеген.

«Вагнер тобындағы арнайы элиталық жалдамалы сарбаздар Киевке бес апта бұрын Африкадан келген. Олардың басты мақсаты – Президент пен Үкімет құрамының көзін құрту»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, 26 ақпанда Киевте элиталық топты толықтай тазалау үшін қатаң 36 сағаттық комендаттық уақыт енгізілген еді.