Атырау маңындағы су басқан ауылда 200-ден астам жылқы қалды

Хабарламада айтылғандай, осы ауылда іссапарға жіберілген қызылордалық құтқарушылар жұмыс істеген. Олар Бесікті елді мекеніндегі Сокол каналының бөгетін бекітті.

«Осы елді мекенде қалған 210 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, құтқарушылар суды сору жұмыстарын жүргізді. Сағат 13.00-де Атырау-Индер тас жолындағы Бесікті ауылынан, «Қазақтелеком» арнасының кабелінің астынан судың ағып кеткені анықталды.