«Жаз ыстық болады» — Берік Асылов

Берік Асылов барлық қызметтердің өрт маусымына дайындығын тексеруді тапсырды.

Қазақстанның Бас прокуроры қарамағындағыларға, қызметтердің өрт қаупі бар маусымға дайын-әзірлігін тексеруді тапсырды.

Берік Асылов бүгінде орман өртінің шығу ықтималдығы өте жоғары екенін ескертті.

«Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым, жаз өте ыстық болады деп уәде етеді. Менің тапсырмам бойынша ықтимал тәуекелдерді азайту үшін, облыс прокурорлары барлық қызметтердің өрт қаупі маусымына дайындығына тексеру жасаулары керек.», — деді Бас прокурор Х әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусымында «Семей орманы» қорығында болған өрт 14 адамның өмірін қиған болатын.