Ерлан Қошанов Иран президентін жерлеу рәсіміне аттанды

Тікұшақ апатынан қайтыс болған Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады.

Қазақстаннан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады. Ол әуежайға бара жатыр, — деді Мәжілістің баспасөз қызметі.

Фото: Instagram/raisi.ir