Қызылордада есірткі сатпақ болған бұрынғы мұғалім ұсталды

Қызылорда облысында аса ірі көлемде синтетика сатпақ болған адам қолға түсті. Ол қалаға қарасты елді мекендердің бірінде мұғалім қызметін атқарған.

Облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы күдіктіні бақылауда ұстаған.

«Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 34 жастағы тұрғын қолға түсті. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 грамм α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.