Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз – Ғани Бейсембаев

Білім министрі мұғалімдер мен әкімдіктер мен полиция өкілдерінің қатысуымен шұғыл жиын өткізді.

Оған себеп жуырда Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кеткен оқиға және Жамбыл облысы Сыпатай батыр ауылында баланың денесі табылған оқиға болды.

Отырыс барысында министр өңірлердегі психологиялық қызмет жұмысын институционалды түрде күшейтіп, білім беру ұйымдарын сапалы мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты тиімді жалғастыру маңызды», — деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ, мектепішілік бақылауды күшейтіп, әр мектепке учаскелік инспекторлар тағайындау керектігін айтты.