ҚМА өз қатарына заманауи технологияларды жетік меңгерген түлектерді қабылдауға дайын

Бұл туралы ҚР ҚМА Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Алматының бірқатар университеттерінде студенттермен өткен кездесу барысында айтты.

Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және Д.А. Қонаев университетінің заң, техникалық және экономика факультеттерінің оқытушылары мен студенттерімен кездесулер өткізді.

Ж. Елемесов Агенттіктің қызметі мен міндеттері туралы дәріс оқыды. Ол қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл туралы айтып, лудомания, кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру, криптовалютаны заңсыз айырбастау мәселелеріне назар аударды. Кездесулер ашық диалог форматында өтті.

Қатысушылар пікір алмасып, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Студенттерді ҚМА-ға жұмысқа орналасу мүмкіндігі қызықтырды.

ЖОО өкілдері еңбек жолын одан әрі таңдауда дұрыс бағдарлау мақсатында түлектер үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.