Қытайда автомагистральдің опырылуынан 19 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында орын алды. РИА Новости Қытайдың Орталық телеарнасына сілтеме жасап жазғандай, 18 көлік қирап қалған.

Тағы 30 адам ауруханада жатыр. Олардың өміріне ешнәрсе қауіп төндірмейді.

Құлаған төсемнің ұзындығы 17,9 метр, ауданы — 184,3 шаршы метр.