Жаңаөзенде 2025 жылдан бастап мұнай мен газ өндіру үшін қажетті тауарлар өндіретін зауыт іске қосылады

Жаңаөзенде мұнай мен газ өндіруге қажетті тауарлар өндіретін зауыт пайда болады. Бұл Жаңаөзенде мұнай-газ жабдықтары өндірісін құру үшін инвесторларды тарту жөніндегі «ҚазМұнайГаз» бағдарламасының арқасында мүмкін болды.

Жаңа зауыт жылына 51 мың тонна құбыр өнімдерін, 540 мың бірлік сорғы штангаларын және 100 бірлік мұнай жылытқыштарын шығаратын болады. Зауыт келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз» бағдарламасына сәйкес Жаңаөзенде ҚМГ мен оның еншілестеріне қажетті жабдықтар мен тауарлар өндірісін құруға кепілдік беретін жеткізушілерді (әлеуетті инвесторларды) іріктейді.

Бұл үшін компания тауарлардың тиісті тізбесін бекітті және сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізді. Мұндай кәсіпорынды салатын алғашқы инвестор «Каскор-Машзавод» ЖШС болды. Бағдарламаның бастамашысы — «Өзенмұнайгаз» АҚ.