SCAT әуе компаниясы Чехияға әуе қатынасын ашады

22 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Астана-Прага бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіреді. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) сыйымдылығы 186-189 орындық Boeing 737 ұшақтарында орындалады.

Әуе қатынасын қайта ашу Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.