Түркістан облысында мектеп оқушысы қыз зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр

Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Түркістан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.  Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сенсек, оқиға 24 сәуір түнгі сағат екілер шамасында болған.