Қазақстанға Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді

Тәжікстан үкіметі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның тоғыз облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті. Жүктің жалпы салмағы 2518 тоннаны құрайды.

Ақтөбе облысына 27 360 литр су, 5 400 дана асбест-цемент тақтасы, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш, 240 тонна цемент бар 9 вагон келді, деп хабарлады жергілікті әкімдік.