Ақтөбе облысында су тасқыны кезін пайдалан отырып кәсіпкерлер бағаларды көтеріп жатыр

Ақтөбе облысында су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз өсірген 17 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.

«Мониторинг барысында кәсіпкерлердің осал жағдайды пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлардың бағасын көтеру фактілері анықталды, бұл кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту және айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану шаралары қолданылды.»,- облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.

Сонымен қатар, аудандарда тағы 4 дүкен иесіне қатысты әкімшілік іс қаралуда.