Ақтауда 5 күн бұрын жоғалған қыз іздестіріліп жатыр

Ақтауда жоғалған қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары мен туыстары 24 жастағы Керім Кәмшатты іздестіріп жатыр. Ол 18 сәуірде жоғалып кеткен.

Әлеуметтік желілерде де 18 сәуірде кешкі сағат 10 шамасында «Шығыс-3» кентіндегі үйінен шығып, оралмаған қыз іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады.

«Ол ұзын, жасыл, гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл түсті күртеше және ақ кроссовка киген», – деп жазылған мәліметте.

Жоғалған адамды көргендерден мына нөмірге хабарласу сұралады: 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Фото: lada.kz