Жетісу облысында 2 жыл бойы мұғалімдерге қажетті жалақы төленбеген

Жетісу облысының прокуратурасы облыстағы жиырмадан астам мұғалімнің екі жыл бойына тиісті жалақысын алмағанын анықтады.

«Мәселен, Ақсу ауданындағы өнер мектебінің музыка пәнінің мұғалімі 2021 жылы аттестациядан өтіп, педагог-зерттеуші біліктілік санатын алды. Алайда оның осы біліктілік санаты үшін негізгі жалақысына ай сайынғы үстеме (68 мың теңге) төленбеген», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мұндай үстемақы тағы 23 мұғалімге берілмеді. Төленбеген қаражаттың жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асты.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге қажетті қаражат төленді. Мектеп басшылығы тәртіптік жазаға тартылды.