АЛМАТЫДА ЖАҢА ТРОЛЛЕЙБУСТАРҒА 16 МЛРД ЖУЫҚ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ

Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы «Алматы қаласының қалалық ұтқырлық басқармасы» КММ үшін 15,9 млрд теңгеге 100 жаңа троллейбус сатып алуды жоспарлап отыр.

Хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Техникалық ерекшелікте көлік ұзындығы кемінде 12 метр болуы, бейнебақылаумен және кондиционерлермен жабдықталуы, жалпы орын саны 90-нан аспауы тиіс (оның ішінде отырғызу).

Тауар шарт қазынашылық органдарында тiркелген күннен бастап 180 күн iшiнде жеткiзiлуi тиiс. Өтінімдер 25 сәуірден 10 мамырға дейін қабылданады.

Еске салайық, наурызда Алматы қалалық ұтқырлық басқармасы жеңіл рельсті көліктің (LRT) бірінші желісінің техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге арналған конкурс туралы хабарландыру жариялаған болатын. Оған 344 млн теңге бөлінеді. Іске асыру мерзімі шарт жасалғаннан кейін 8 ай.