Ақтауда қыз бала 5 қабаттан құлап аман қалған

18 жастағы қыз бала аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Lada.kz.

Қыз бала достарымен бірге бесінші қабаттағы пәтерде болған. Құлағаннан кейін ол өздігінен тұруға тырысып, дәрігерлердің көмегінен бас тартқан.

«Жағдай ауыр деп бағаланады. Науқас механикалық желдету аппаратында . Диагноз: аралас жарақат, бас миының жабық жарақаты, мидың көгеруі, кеуде қуысының жабық жарақаты, оң жақта қабырғаның жабық сынуы, оң жақта гемопневмоторакс, іштің жабық жарақаты, бауырдың жарылуы, оң жақ мықын қанатының жабық сынуы, оң жақ білектің жабық сынуы», — деді Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.

Оқиға фактісі бойынша Ақтау полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау туралы қылмыстық іс қозғады.