Таиландқа қазақстандықтар визасыз бара алатын болды

Енді Қазақстаннан келген туристер Таиландта 30 күн визасыз бола алады, мұндай режим жыл бойы әрекет етеді.

Бұған дейін қазақстандықтар үшін визасыз режим туристік маусым кезеңінде қолданыста болған.

Таиланд туристік басқармасының (ТАТ) мәліметтері бойынша, өткен жылы елге 172 мың қазақстандық келген, биыл 220 мың адам келеді деп болжануда.