Талғар ауданында оқушылар бояу иісіне уланған

Талғар ауданының мектептерінің бірі оқу жылы барысында ғимаратты бояған. Соның кесірінен 5 оқушы бояудан уланып жергілікті ауруханаға түскен. Оқушылардың ата-аналары мектепке шағынуда. Бұл орын алған оқиға бойынша мектеп басшысы ешқандай пікірмен бөліспеді.