Су тасқынынан зардап шеккен 5,8 отбасыға қажетті көмек көрсетілді

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды бағалау және өтеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде арнайы құрылған өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 577 өтініш келіп түскен.

5 803 отбасы 100 АЕК немесе 369 200 теңге көлемінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. 877 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін жалпы сомасы 380 млн теңге өтемақы төленді. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 38,9 млн теңгеге жетті.