Атырауда су көтеріліп жатыр

@atyrauoil.news Instagram парақшасының оқырманы Атырау қаласында Жайықтың суы көтеріліп жатқанын, ал  үкімет көмек көрсетпегенін айтты:

Сәлеметсіз бе! Балғымбаев көшесіндеміз, біздің үйіміз №5 , №3 және №1 үйлер бұрыннан өзеннің суымен шайылып кеткен. Енді біздің үй өзеннің шетінде тұр. Күн сайын келіп, қарайды, айтады, бірақ ештеңе жасамайды. Қаптарды қоршаудың бойына қойғаны жақсы. Бірақ бұл қаптар біздің үйге көмектесе ала ма? Топырақты әкеліп, көтереді деген еді, бірақ су жақындап қалды, әңгімелер көп , бірақ іс жоқ! Бізге келгендерін барлығына айттық, барлығынан көмек сұрадық, жауап берді, бірақ әлі күнге дейін олардың әрекеттерін күтіп отырмыз. Қолдан келгеннің бәрін жасадық.