Жүргізуші куәлігісіз айдаған адамға не болады?

Жүргізуші куәлігісіз ЖҚЕ бұзушылар жеті жыл бойы жүргізуші куәлігін ала алмайды

Жол қозғалысы туралы заңға тиісті түзетулерді депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Көлік құралын басқару құқығы жоқ және оны алмаған, рульде жүргені, соның ішінде алкогольдік, есірткілік және/немесе уытқұмарлық масаң күйде болғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар жеті жыл бойы осындай құқық алуға емтихан тапсыруға жіберілмейді», — деп хабарлады мәжілісте.

Аталып өткендей, қазір емтиханды кедергісіз тапсырып, әкімшілік жазаны орындағаннан кейін жүргізуші куәлігін ала алады.  Куәліксіз айдаған жүргізушілер осындай баптар бойынша жауапқа тартылғаннан кейін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.