Жамбылда мектеп оқушысын зорлаған депутаттың күйеуіне қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысы Сарысу  ауданында 12 жастағы қызды зорлады деп айып тағылған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты.

55 жастағы айыпталушы – Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Галина Мороздың күйеуі. Айта кетейік, жеткіншектің аяғы ауыр болып, оны мұғалімдер ата-анасының рұқсатынсыз жеке клиникаға апарып түсік жасатқан болатын.

«Күдіктіге өмір бойы педагогикалық қызмет атқаруына шектеу қойыла отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Моральдық өтемақы шығыны ретінде 3 млн теңге төлеу міндеттелді. Күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.