Арал құм мәселесі не болмақ?

Арал құм мәселесі не болмақ?
rbsh

Еліміздің үлкен бөлігін су басып жатқанда, бір бөлігін шөл алып жатыр. Бұл Арал құм мәселесі тек біздің емес басқада мемлекеттерге өз зиянын тигізіп жатыр. Аралдың құмы мен тұзы жел арқылы көршілес елдерге жетіп жатыр. Ал өзіңіз білетіндей тұз себілген жерде ештеңе өспейтінін білесіздер. Бұл бір емес бірнеше елдің мәселесі болғандықтан, халықаралық ұйымдар атсалыса бастады. Соның қатарында USAID, Spirit of America және АҚШ елшілігі аса көп улесін қосуда

USAID, Spirit of America және АҚШ елшілігі бірігіп «Оазис» атты жобаны іске асырды. Жобаның мақсаты Арал құм шөлінің ортасында 500 гектар аумаққа сексеуіл егіп бұл жерге жаңа өмір беру.

Айта кетсек, сексеуілдің бір ағашы 4 тонна құмды ұстап тұрады екен.