Ақмола облысының мемлекеттік органдарында сыйлықақыларға 13 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған

Ақмола облысындағы Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне негізсіз сыйлықақы төлеу фактілерін анықтады.

«Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйлықақы бергені анықталды. Осы фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді», — деді ҚР Бас прокуратурасы.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.