Алматы қаласы жауын-шашын кесірінен суға батуда

Алматы қаласы жауын-шашын кесірінен суға батуда

Таңертеңнен бастап оңтүстік астанада жаңбыр жауып жатыр. Ауа райының қолайсыздығынан Алматының көптеген көшелерінде үлкен шалшықтар пайда болды, кейбір учаскелері су астында қалды.

Алматылықтар су басқан көшелердің бейнефрагменттерімен әлеуметтік желілерде бөлісуде. Сонымен қатар, облыстық аудандардан да бейнелер пайда болды. Мысалы, Қаскелең тұрғыны үлкен шалшықтардың кесірінен үйден шыға алмайтынын айтты. Ер адамның айтуынша, балалар осыған байланысты мектепке бармаған. Және де интернет желісінде «Жауыннан кейінгі Алматы»  атты бейнежазбалар бар. Бұл бейнежазбалардан адамдар тізеге келерлік судан өтіп бара жатқан. Бірақ автокөліктер алып суға қарамастан өтіп бара жатыр.

Қазір жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де оңай емес. Соңғылары өз пікірлерімен 2GIS қосымшасында бөліседі. Көптеген автокөлік жүргізушілері ашуланып: «бір жаңбыр тамшысы түскенде, бәрі жол ережелерді ұмытып кетеді» деп жазуда.