Мемлекеттік қызметшілер үшін қазақ тілін білуге арналған тестілеудің жаңа қағидалары әзірленді

Мемлекеттік қызметшілер үшін қазақ тілін білуге арналған тестілеудің жаңа қағидалары әзірленді

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидаларды бекіту туралы жоба ғылым және жоғары білім министрлігінде әзірленді. Құжаттан көрініп тұрғандай, Қазтест диагностикалық және сертификаттық тестілеуді қамтиды. Біріншісінің уақыты — 70 минут, екіншісі — 127 минут.

«Тестілеу сертификат алу үшін әр блок бойынша 30-70% аралығында шекті балл жинауды талап етеді. ҚАЗТЕСТ жүйесінде тестілеу нәтижелеріне апелляция жоқ. Сертификат берілген сәттен бастап екі жыл бойы жарамды. Құжаттар тек электронды түрде қол жетімді», — делінген түсіндірмеде.

Тестілеуге өтініштер Kazakhtest.kz сайтында қабылданады. Өткен жылдың қыркүйек айында Ғылым және жоғары білім Министрлігі Тіл саясаты комитетінің басшысы Ербол Тілешов Мемлекеттік қызметке кіру үшін қазақстандықтарға қазақ тілін білуге тест тапсыруға тура келетінін айтты.