Ермек Маржықпаев Денис Никишпен кездесті

Ермек Маржықпаев Денис Никишпен кездесті

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Нидерланды Корольдігінің Роттердам қаласында өткен ересектер арасындағы шорт-тректен Әлем чемпионатының жүлдегері Денис Никишамен кездесті, ол Қазақстанға тарихи күміс жүлдені жеңіп алды. Атақты спортшы және оның жаттықтырушысы Петр Гамидовқа алғыс хаттар табысталды.

«Ең алдымен, Нидерланды Корольдігіндегі Роттердам қаласында өткен шорт-тректен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныңыз үшін шын жүректен құттықтаймын! Әлемдік біріншіліктердегі сіздің жоғары жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш және спорттағы және салауатты өмір салтындағы жастар үшін лайықты үлгі болып табыласыз. Сіздің еңбекқорлығыңыз бен кәсібилігіңіз отандық спорттың өркендеуіне одан әрі көмектесетініне сенімдімін. Алдағы уақытта да еліміздің намысын қорғайтын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетулеріңізді тілеймін», — деді Ермек Маржықпаев.

Роттердамдағы әлем чемпионатының финалында ұлттық құраманың көшбасшысы 41.676 секундта 500 метр қашықтықты жүріп өтіп, мәре сызығын екінші болып кесіп өтті. Алтын медаль Лин Сяоджунға (Қытай), ал үштікті Джордан Пьер-Гиллес (Канада) жауып тастады.