Қызғалдақ тергені үшін жас қызға 11 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

Қызғалдақ тергені үшін жас қызға 11 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

Қызыл кітапқа енгізілген қызғалдақтарды жұлып алды деген күдікпен студент айыпталады. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Түркістан облысы ПД-нің Facebook-тегі ресми аккаунтында хабарланғандай, әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қолданушылардың бірінің парақшасында қыздың қызыл кітапқа енгізілген және заңмен қорғалатын гүлдерді жұлып алғаны туралы бейнежазба табылды.

«Тексеру кезінде құрып кету қаупі бар Грейк қызғалдақтарын Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны жұлып алғаны анықталды. Ол Ұялыжар ауылдық округінде орналасқан алқаптағы Қызыл кітап гүлдерін жұлып алып, видеоға түсіріп, өз парақшасына жариялады», — деді Түркістан облысы ПД.