Адам өлтіруге күдікті деп 9 жыл іздеуде жүрген қазақстандық бас киімнің кесірінен ұсталды

 

ІІМ хабарлағандай, қылмыс Түркістан облысында 2015 жылдың наурыз айында жасалған.

«Арыс қаласының тұрғыны қақтығыс кезінде үшеуге оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жарақаттан зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмған. Сол жылдың сәуір айында оған халықаралық іздеу жарияланды «, — деп нақтылады ведомстводан.

Күдіктіні анықтап, ұстауға Еңбекші аудандық РОП учаскелік инспекторы Сәкен Ақбаев қол жеткізді. Инспектор үнемі қалпақ киіп, бетін жасыруға тырысып жүрген күдіктіге назар аударды. Жақында ғана жалданып жергілікті СТО-ға орналасқанын анықтаған полиция қызметкері оның жеке басын анықтады. Құқық қорғау қызметкері дереу жедел-тергеу тобына ақпарат беріп, әріптестерімен бірге күдіктіні ұстады. Қазір ол қамауда және жақын арада Арыстың құқық қорғау органдарына беріледі