Қазақстандық Соня Жиенбаева Түркиядағы ITF W15 турнирінің чемпионы атанды

Соня Жиенбаева

Қазақстандық 17 жасар Соня Жиенбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Финалда Соня Турчанка Йорук Илайды 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңді. Титулға жету жолында Соня ең мықты қарсыластарын, соның ішінде турнирдің алғашқы ракеткасын, ресейлік Александра Шубладзені жеңді.

«Бүгін мен үшін маусымның ең маңызды күні болған шығар. Апта бойы барлық матчтар өте қиын болды, мен психологиялық тұрғыдан мықты және сенімді бола алғаныма өте қуаныштымын. Қолдауларыңыз үшін баршаңызға рахмет», — деді Жиенбаева.