Астана су қоймасы 99% — ға толды-су ресурстары министрлігі

«Астана су қоймасы 99% — ға толды. Кіретін суларды ағызу транзиттік режимде жүргізіледі. Су тасқыны шыңы өтті, су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы тасқын суларды қауіпсіз ағызу жұмыстары жүргізілуде», — делінген жұма күнгі хабарламада.

Тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Фотосурет ашық интернет желісінден алынды