Қазақстанның батысында су тасқынының екінші толқыны күтілуде.

Республикалық штабта былай дейді:

  • Ресейден Жайық өзені арқылы судың үлкен көлемі келуі мүмкін
  • БҚО-да жаңбыр жауады. Сақмара өзенінде су тасқыны басталды
  • болжам бойынша, Батыс Қазақстан облысының аумағына сәуір айының екінші онкүндігінде Жайық және Сақмара өзендерінен су ағады. Қазір Жайық өзеніндегі су деңгейі 728 сантиметрді құрайды. Болжамдарға сәйкес, ол критикалық белгіге, 850 сантиметрге жақындайды.
  • Атырау облысында су деңгейінің шамалы көтерілуі байқалады. Сәуірдің үшінші онкүндігінің басында үлкен судың келуі күтілуде
  • премьердің тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына әкімдіктердің, ТЖМ, ІІМ және Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
  • БҚО-да күштер тобы 6 мың адамға, Атырау облысында — 4 мыңға дейін жеткізіледі. Еліміздің әр өңірінен 4 мыңға жуық техника жіберіледі.
  • Үкімет басшысы қорғаныс және ішкі істер министрлеріне қажет болған жағдайда жеке құрам мен техниканы қосымша тасымалдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Орал мен Атырау бойынша күштер мен құралдарды барынша жұмылдыру қажет. Қазір елді мекендерден үлкен су алу маңызды. Бүгін әскери қызметшілер мен техниканы қосымша ауыстыру басталады. Судың келу жылдамдығын ескере отырып, бірінші кезекте Оралды, одан әрі — Атырауды күшейтеміз «, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанның сегіз облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жалғасуда. Су басу аймағынан барлығы 97 мың адам эвакуацияланды. Павлодар облысы мен Абай облысында жағдайдың тұрақтануына байланысты ТЖ режимдері алынып тасталды.