Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтару жоспарланып отыр

11 сәуірде Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде (ҚР ҚК 218-б. 3-т. 3-т.) сот прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процессуалдық келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, мемлекет пайдасына 50 млрд теңгеден астам сомаға сотталушының қосымша мүліктік активтерін қайтару туралы мәселе қаралуда.

Бұған дейін хабарланғандай, тергеу барысында Қ.Сатыбалды өз кінәсін мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеу сатысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты адамдардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына қайтаруды қамтамасыз етті (әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті асыл заттар, люкс үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, компаниялардағы акциялар мен қатысу үлестері, теміржолдар мен ақшалай қаражат, оның ішінде шептер).

Осы тұлғаға қатысты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша тергеу жалғасуда.