Бекбауовты жеңген Базарбайұлы лицензиялық турнирге баратын болды

Астанада спаррингтік турнирдің финалдық кездесулері өтіп жатыр. Бүгін ерлер арасында 63,5 келі салмақтағы жеңімпаз анықталды, — деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Бұл салмақтағы ақтық сында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов кездескен болатын.

Тартысты айқаста Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жетті. Ол осы салмаққа жақында ауысқан Бекбауовтан финалда айласын асырды.

Сондай-ақ, турнир барысында Базарбайұлы Ертуған Зейнуллинов пен Жандос Қарабалиевті жеңді.

Осылайша, Таиландтағы соңғы лицензиялық турнирде ол Олимпиада жолдамасына таласады.

Фото: ҰОК