Біз Қазақстандағы осы табиғи апаттан зардап шеккендер үшін дұға етеміз-Рим Папасы

Рим Папасы Франциск су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына жанашырлық білдірді, деп хабарлайды Vatican News.

«Рим Папасы Франциск соңғы 70 жылдағы қардың ерте еруінен туындаған ең ауыр су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарына жанашырлық білдірді», — делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Айта кетсек, су тасқыны салдарынан 90 мыңға жуық тұрғын эвакуациялауға мәжбүр болды.