Олжас Бектенов төтенше жағдай орын алған өңірлер тұрғындарын әлеуметтік қолдау жөнінде тапсырма берді

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою шаралары жөнінде кеңес өткізді. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен тиісті министрлер тыңдалды. Бүгінде 8 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды. Айта кетсек Үкімет басшысы вице-премьер бастаған әлеуметтік блок министрліктеріне төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын.

• Тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету- су тасқыны басталғаннан бері 86 мыңға жуық тұрғын өз үйлерінен көшірілді. Уақытша орналастыру пункттерінде 8400 ден астам адам тұрып жатыр. Үйлері тұруға жарамсыз деп танылған отбасылардың барлығын уақытша баспанамен қамтылуда.

Сонымен бірге қоныс аударғанға дейін эвакуациялау пункттерінің жұмысын қолдауға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Әкімдіктер тұрғындарды сапалы азық-түлікпен, тиісті санитариялық-гигиеналық құралдармен, қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етлуі керек.

Білім саласы- 130-дан астам мектеп қашықтықтан оқытуға ауысты, бірақ кәзір эвакуация аймақтарындағы балалардың оқу процессі тоқтап қалды. Білім министрлігіне мектеп оқушыларының келе жатқан сынақтарындан босатылулары тапсырылды.

Денсаулық сақтау- Денсаулық сақтау министрлігіне Үкімет басшысы ТЖ режиміндегі өңірлердің тұрғындары эпидемиологиялық жағдайға алаңдайтындарын, зардап шеккен халық арасындағы жұқпалы аурулардың өршуінен қауіптенетінін сөйледі. Өңірлерде су тасқыны жағдайы тұрақталғаннан кейін аумақтарды тазарту және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу, су құбыры жүйелері мен құрылыстарын, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бойынша кешенді шаралар жүргізулерін талап етті.

Су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Республикалық эпизоотияға қарсы жасаққа облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлардың өлексесін жинау мен жоюды жедел аяқтау тапсырылды. Жою шараларын жүргізу үшін тиісті жабдықтар, қызметкерлер және қажетті дезинфекциялық құралдар қарастырылған. 

• Инфрақұрылым- Үйлердің құрылысы бойынша жеке тұрғын үйдің үлгілік жобасы әзірленуде. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен емханаларды жөндеуге басымдық беру маңыздылығын, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстау керектігін мәлімдеді.

«Пәрменді тетікті пысықтап, оны барлық өңірлерге жеткізуді тапсырамын. Екіұшты түсіндірулер болмауы керек. қоғам өкілдерін процеске тартудың арқасында ақшаға бақылау күшейтілетін болады», — деп түйіндеді Премьер-Министр.