Күшіміз бірлікте

Су тасқыны Қазақстанның көптеген аймақтарын шарпыды. Биылғы су тасқыны соңғы 30 жылдағы ең ірі деп саналатын 2012 және 2017 жылдардағы табиғи апаттардың ауқымынан асып түсті. Үлкен су тек ауылдар мен қалаларға ғана емес, тас жолдарға да жеткен.

Су тасқыны мәселесі бүкіл елді сөзсіз біріктірді. Бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар, қарапайым қазақстандықтар билікке көмектесіп, су тасқынының салдарын жоюға өз үлестерін қосуда. Әр қаланың тұрғындары өз қаласын су тасқынынан сақтап қалу үшін күн сайын еңбек етуде. «Жаңа Адамдар» ұйымы да зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Бүгін Көкшетауда қиын жағдайдағы, зардап шеккен 30 отбасына жинаған гуманитарлық жүкті табыс етті.

Әрқайсыңыз дәл қазір көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге мүмкіндігіңіз бар. Адамдарға азық-түлік пен жеке гигиена құралдарынан басқа көрпе мен жастық, жылытқыштар, аяқ киім және сәбилерге арналған азық-түлікпен, кйім қажет. Жақын жердегі гуманитарлық көмек жинау пунктіне хабарласып қол ұшыңызды соза аласыз.