Қазақстанда су мәселелері бойынша жаңа мемлекеттік орган құрылады

Су ресурстары министрлігінде түсіндіргендей, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі жер асты су ресурстарын басқаруды цифрландыруға, гидрогеология және геофильтрациялық модельдер саласындағы деректер базасын және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, сандық және картографиялық деректер базасын құруға жауапты болады.