Politico: Владимир Путин Финляндия мен Ресей арасындағы шекараға өз әскерін орналастырмақ

Халықаралық газета Politico: Ресей президенті Владимир Путин жақында Финляндиямен шекараға жақын жерде әскер орналастырамыз деп қорқытты. ұзындығы 1300 шақырымнан асатынын ескерсек, бұл Ресей федерациясына оңайға соқпайды. Және, әрине, Финляндия қазір НАТО-дағы одақтастарының қорғауында, яғни Путиннің қорқытуы Финляндия үшін аса қауіпті емес.

«Жалпы, біз Финляндиямен тамаша қарым-қатынаста болдық. Бір-бірімізге, әсіресе аумақтық мәселелеріміз болған жоқ. Бізде тіпті шекарамызда әскер де болған жоқ, біз барлық әскерді ол жерден яғни, Ресей-Финляндия шекарасынан шығардық», — деп Путин шағымданған. Осыған қарамастан Финляндия НАТО-ға кірді. «Ол жерде біздің әскеріміз болған емес, бірақ енді болады», — деп қосты ол.

«Орыстарда инфрақұрылым мен жаңа ауыр каруларды құруға ресурстары жеткіліксіз және 2030 жылға дейін біздің шекарамызға әскердің үлкен бөлшегін тарттыру оңай емес»,- деп бөлісті отставкадағы генерал-майор және фин әскери барлауының бұрынғы басшысы Пекка Товери.

Сондықтан фин басшыларының Путиннің мәлімдемесіне байсалдылықпен қарауы еш таңқаларлық емес.