Жаңбыр, тұман: 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде қар аралас жаңбыр жауады.

Республиканың орталығында және күндіз солтүстігінде нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнайды, оңтүстікте бұрқасын болады.

Фото: ktk.kz