Павлодарда алимент төлеуден жалтарған 100-ге жуық адам іздеуде жүр

Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 91 адам анықталды. Борышкерлердің 7 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Ertistv.kz сайты хабарлағандай, өңірде алимент төлеуден қашып, тіпті өз баласынан бас тартқысы келетіндердің саны артқан. Полиция қызметкерлері алимент төлемей жалтарып жүрген ата-аналарды анықтау үшін іс-шараларды тұрақты жүргізеді.

«Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 91 адам анықталды. Борышкерлердің 7 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Мысал үшін, ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеуге қатысуды тоқтатқан 35 жастағы борышкер Қарағанды облысынан табылды. Оның қарызы 3,5 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, үш баласына қарамаған 42 жастағы әйелдің де жеке басы анықталды. Оның борышы 7 млн теңгеден асады», — деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті көші-қон қызметінің аға инспекторы Руслан Тұрмағанбетов.

Фото: egemen.kz