СҚО-ға су тасқынынан елді құтқаруға барған түркістандық азамат қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы күресуге жіберілген 46 жастағы түркістандық құтқарушы қайтыс болды, деп хабарлайды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

1978  жылы Түркістан облысында дүниеге келген Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.

«Ол 1 сәуірде Түркістан облысынан жіберілген. Осы күні кешке Балданов ауырып, Тайынша аудандық ауруханасына жеткізілген. Сол жерден оны санитарлық авиация бортымен Петропавлдағы ауруханаға жеткізу жоспарланған. Алайда 2 сәуірге қараған түні 1978 жылы туған Бекжан Балданов жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер оның өліміне миокард инфаркты себеп болғанын айтты», – деп хабарлайды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Фото: Түркістан облысы ТЖД