Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар алғашқы айналымнан оңай өтті.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде аргентиналық Педро Качин – испаниялық Педро Мартинезді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Олар эйс жасамағанымен, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. Аргентиналық-испаниялық жұп 1 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Өткен аптада А.Недовесов – Г.Эскобар Жирона (Испания) челленджер додасында үздік шыққан еді.

Фото: ktf.kz