Газадағы құрбандар саны 33 мыңға жуықтады

Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы басталғалы қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 мыңға жақындап, 75 мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл мәліметтерді Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігі келтіріп отыр, деп жазады ТАСС агенттігі.  

«Өткен жылдың қазан айынан бері Газадағы Израиль агрессиясының құрбандары саны 32 916-ға жетті, 75 494 адам жарақат алды», — делінген ведомствоның Telegram-каналында жарияланған мәлімдемеде.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі де «тек соңғы 24 сағаттың ішінде анклавта 71 адам қаза тауып, 102 адам жараланғанын» атап өтті. Қайтыс болғандардың кейбірінің денелері үйінді астында,құтқарушылар оларға әлі жете алмай жатыр.

Фото: Midjourney