«Тұман, көктайғақ, жел»: 2 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін болады. Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста – көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел күшеюі күтіледі.

Фото: aikyn.kz